Улы газбен уланудың алдын алу
Улы газбен уланудың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері А.Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Мамандар газ плиталарын және жылыту пештерін қауіпсіз қолданудың маңыздылығын түсіндіріп, жылу беру кезеңінде улы газбен уланудың алдын алу және тұрғын секторларында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау бойынша жадынамалар таратты. Оқушыларға жылыту пештерін пайдалану кезінде улы